Жаңалықтар

2025 жылы қай криптовалюталарды сатып алған жөн

қандай криптовалютаны сатып алу тиімді? / Фото: shutterstock

Егер криптоқоржыныңызды 2025 жылы қалай әртараптандырсам деп ойланып жүрсеңіз, биткоин мен Ethereum-нен басқа да криптовалюта барын ескеріңіз. Әрине, инвесторлардың назары осы екеуінде болатыны сөзсіз. Дегенмен биыл бағасы өсуі мүмкін басқа да криптовалюталар бар. Олай болса, 2025 жылға арналған болжамдарға шолу жасайық.

Биткоин

Сөздің басын биткоиннан бастамаса болмас. 2024 жылы 43 000 доллардан бастап, бір жылда 120 пайызға өскен еді. Басында халвиң болғандықтан, инвесторлар BTC еселеп қымбаттайды деген болжам жасаған. Бір қызығы, бір жыл ішінде бағасының құбылғаны құдды америкалық әткеншектің тербелгеніндей әсер қалдырды. Олай дейтін себебіміз, бастапқыда 30 пайызға өсіп, кейін құлдырай жөнелді. Одан кейін бағам  $50 000 мен $70 000 арасында «тербелді». Сөйтіп жүргенде Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетті де, биткоин  бүкіл қарсылыққа төтеп беріп, ақыры $80 000 мен $90 000-ға бағаланды. Ал көпшілік асыға күткен, $100 000 деген бағамға жеткенше бірнеше рет құлап, қайта тұрып жүрді. Осылайша ақыры желтоқсанның ортасында $108 268 болды. Ал қазір биткоинға коррекция жасалып жатыр. Бұлай құбылуы да бекер емес. Өйткені жыл аяғында ұзақ мерзімді және жеке инвесторлар табысын бекітіп жатты. Сондықтан қазіргі тренд сақталуы үшін коррекция қажет болды. Әйтсе де, 2025 жылы тағы да өсетін сыңайлы.    

Ethereum

Ethereum үшін де 2024 жыл тартысқа толы болды, екінші орындағы криптовалютаның жылдық өсімі 50 пайызды көрсетті. Былтыр жазда іске қосылған Ethereum-ETF-ке көп үміт артылған еді. Бірақ олардан жарты жылдай бұрын шыққан Bitcoin-ETF-ке қарағанда қарқын әлсіз болды. Кейінірек қарашада инвесторлар Ethereum-ETF-ке 3,5 млрд доллар салғанда ғана жағдай өзгере бастады. Жалпы алғанда Ethereum блокчейні өзінің технологиялық бәсекелестері тарапынан көп қысым көріп жатыр. Айталық, Solana-мен салыстырсақ, Ethereum платформасының өнімділігі төмен, комиссиясы жоғары. Десе де, сарапшылар 2025 жылы бұл жоба жақсы өсім көрсетеді деген болжам жасап отыр.        

Dogecoin

DOGE бір жылда 200 пайыздан астам өсім көрсетті. Нарықтағы капитализациясы 40 млрд доллардан асып жығылды. Тіпті «ең үздік криптовалюталар» тізіміндегі XRP-ді басып озған кездері де болды. DOGE құны Илон Маскке тікелей байланысты екені белгілі. Оның тарапынан жасалған қолдау бағаға бірден әсер ететін. Сөйтіп жүргенде былтыр жыл соңында Маск АҚШ үкіметіне қарасты Мемлекеттік басқару тиімділігі департаментіне қызметке тағайындалды. Демек, Илон сүйікті криптовалютасын бұрынғыдан бетер қорғаштайды деген сөз. Экожүйені дамытып, ұлғайту үшін биыл олар барын салатыны анық. 

2025 жылы тағы қандай криптовалютаға назар аударуға болады?

Сарапшылар жан-жақтан биылға болжам жасап жатыр. Мысалы Stacking DAO эксперті Лиор Шимрон индустрияның жалпы капитализациясы 8 трлн доллардан асуы мүмкін дейді. Ал VanEck аналитиктері болса, криптовалюталардың бағасына қатысты болжам жасап, ол жерде Биткоин құны 2025 жылы $180 000 болуы мүмкін деген. Ал Ethereum — $6 000, Solana $500 шамасында болады деседі. Дәл қазір нарықта баға түсіп жатқанын пайдаланып, қоржынды әртараптандырып алуға әбден болады. Осы орайда пресейлден алуға болатын криптовалюталарға шолу жасап шыққанды жөн көріп отырмыз. Қалауыңызға қарай бір не бірнеше жоба ала аласыз. Қай жерден және қаншаға алуға болады? Осы туралы айтайық.   

CatSlap

Catslap – кликер-ойыннан басталып, ақыры миллиондаған қолданушының жүрегін жаулаған криптожоба. Қазір нарықта токендері сатылып жатыр. Биржаға шыққан соң инвесторлар назарын аудара алды. SLAP мемкионы 5750 пайызға қымбаттады. Былтыр қарашаның аяғында Coinmarketcap-қа шығып, токені 480 пайызға өсті. Әзірге бағасы құбылып тұр. Бірақ тарихи рекорд болуы әбден мүмкін дейді сарапшылар. Слэп бағасына экожүйені алда қалай дамытатыны әсер етеді. Жоба жеке P2E қолданбасын жасап шығарса, көпшілікке тіпті қолайлы бола түседі. Нарықта ахуал оң болса, SLAP айтарлықтай өсуі мүмкін.      

Wall Street Pepe

Wall Street Pepe – әлеуеті зор,  криптовалюта нарығын өзгертуі әбден мүмкін блокчейн-жоба. Әсіресе, бұл кеңістікте жеке инвесторлар мен алпауыт киттердің мүмкіндіктерін теңестіруі мүмкін. Wall Street Pepe мемкоины инвесторлардың сәтті стратегиялар мен сауда сигналдарын бөлісе алатын тұңғыш жабық қауымдастық орталығына айналады. Сондықтан нарықтағы дәл қазіргі ахуал мен мемкоиндар суперциклді ескерсек, бұл жоба жеке инвесторлардың оң жамбасын келетін сыңайлы. WEPE-ні пресейлден сатып алуға болады. Бағасы да қарқынды өсіп келеді. Қазір 46,5 млн долларға жетті. Қазір мемкоинның бір данасы 0,0002786 доллар тұрады. Бірақ бұл баға құбылып тұратынын ескеру керек. Пресейлдің әр кезеңі сайын Wall Street Pepe қымбаттап келеді. Эксперттер 100 есе өсуі мүмкін деген болжам жасап отыр. Алдын-ала сауда кезінде киттердің өзі мемкоинға назар аударған. Демек, листиңге шыққан соң қымбаттай түсуі ғажап емес.     

Flockerz

Flockerz – максимум орталықсыздандырылған криптожоба. FLOCK натив токенін ұстайтындарға экожүйені толықтай басқаруға мүмкіндік беріледі. Жоба Vote-to-Earn механизмі бойынша жұмыс істейді. Қолданушылар Flockerz-ді дамыту үшін стратегиялық шешімдер қабылдай отырып табыс табады. Қаншалықты белсенді болсаңыз, соғұрлым кіріс кіреді. FLOCK пресейлі қаңтардың соңына дейін болады. Демек, инвесторлар жақсы дисконтпен сатып алуға үлгереді деген сөз. Материал жазылған кездегі бағасы — 0,1754 доллар. Жоба жиыны 9,7 млн доллардан асқан. Криптоинфлюенсерлердің айтуынша, FLOCK 2025 жылдың бірінші жартысында-ақ әжептәуір өседі. Еселеп қымбаттауына оның толықтай орталықсыздандырылғаны мен басқаруға арналған бірегей жүйесі себеп болуға тиіс. Жобаның осы ерекшелігі инвесторлар назарын өзіне аударған еді.     

Solana

Solana (CRYPTO: SOL) нарықта бірнеше жылдан бері бар болғанымен, мейнстримге қосылып, институттық инвесторлардың назарына түскені енді ғана. Қазіргі уақытта Solana нарық капитализациясы бойынша үздік бестіктің қатарында. Ал тиімділігіне қарасақ, биткоиннан қалыспайды. Бір жылда биткоин — 143 пайызға, Solana 140 пайызға өскен. Ер арасында Solana спот ETF алатын келесі криптовалюта болуы мүмкін деген сөз айтылып жүр. Егер шынында солай болса, онда Solana бағасы 2025 жылы еселеп өсіп кетуі мүмкін. Спот Bitcoin ETF-терінің мысалына қарасақ, инвестициялық ETF өнім шығарған кезде осы криптовалютаға түсетін жаңа ақша легі мол болады. Одан қала берді Solana қазір барын салып жұмыс істеп жатқанға ұқсайды. Өйткені Ethereum-ге басты бәсекелес болып алды. Тіпті одан алдағы жылдары басып озуы да ғажап емес. Себебі оның транзакцияларға ұстайтын комиссиясы азырақ, транзакцияларды өте жылдам өңдейді. Қазір Solana орталықсыздандырылған қаражат (DeFi) саласында қатты қарқын алып жатыр. Сатып алып жатқандар да артып келеді. Жалпы өнімділігін көрсететін Total Value Locked (TVL) де көтеріліп жатыр.         

Bittensor

Bittensor (CRYPTO: TAO) — бастапқы коды ашық, жасанды интеллект арқылы орталықсыздандырылған желі жасауға мүмкіндік беретін хаттама. Осылайша Bittensor алған кезде криптовалюта мен жасанды интеллектінің арасында тұратын крипто-токен аласыз деген сөз. 2025 жылы қарқынды өсуі мүмкін. Себебі инвесторлар қазір жасанды интеллектіге қатысты дүниелеге қатты қызығып жатыр. Бір жылда Bittensor 154 пайызға өскен. Биткоиндағыдай мұнда да қор шектеулі — 21 млн. Қазір айналымда 7,4 млн монета бар. Мұнысы көпшілікті қызықтырады. Өйткені мұндай қасиет санаулы криптовалютада ғана бар. Жалпы алғанда жасанды интеллект сәнде болып тұра берсе, Bittensor-дің бағасы да өсе беруі керек деген болжам бар.    

Chainlink

Chainlink (CRYPTO: LINK) — криптовалюта нарығында алдыңғы қатарлы монеталардың бірі. Қазір капитализациясы — 15 млрд доллар. Бір жылда 62 пайызға өскен. Тәжірибелі криптоинвесторлар 2020-2021 жылдары Chainlink-тің бірнеше ай ішінде 400 пайызға қымбаттап кеткенін жақсы білуі керек. Әрине, ондай жағдай тағы бола ма, жоқ па белгісіз. Оған ешкім кепіл бере алмайды. Десе де, өсуі мүмкін дейтіндей факторлар да жоқ емес. Мысалы алдағы жоспарлардың ішінде активтерді токендеуге қатысты стратегия жасалып жатқанын айта кету керек. Осы стратегия шеңберінде Chainlink қаржы мекемелерімен бірлесе отырып, дәстүрлі қаржы активтерін дижитал активтерге айналдыруға кірісіп жатыр. Демек, оларды блокчейнде сатуға болады деген сөз. Бірқатар консалтиң компания берген бағаларға қарасақ, 2030 жылға қарай активтерді токендегеннің арқасында нарыққа бірнеше триллион доллар мүмкіндік беруі мүмкін деседі. Егер Уолл-стрит осы тенденцияны қолдаса, онда  алдағы бес жылда Chainlink бағасы еселеп өсіп кетуі ғажап емес.