Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Ұлттық ядролық орталықтың сейсмикалық станциялары» Қытай аумағында Алматыдан 270 км оңтүстік-шығыста болған жер сілкінісін тіркеді.
Оның магнитудасы 4,5, ал энергетикалық класы 9,8-ге тең. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеді.
Бұған дейін 11 қаңтарда да елдің оңтүстігіне жер сілкінісі сезілген. Дүмпу ошағы Алматы облысының солтүстік-шығысындағы Түрген маңында, қаладан 76 шақырым орналасқан.