Жаңалықтар

Канада мен Мексика Трамп шешіміне жауап ретінде АҚШ тауарларына баж салығын енгізе бастады

Канада мен Мексика Трамп шешіміне жауап ретінде АҚШ тауарларына баж салығын енгізе бастады
Канада мен Мексика Трамп шешіміне жауап ретінде АҚШ тауарларына баж салығын енгізе бастады / Фото: shutterstock

Канада мен Мексика АҚШ президенті Дональд Трамптың кедендік баж салығына жауап ретінде АҚШ тауарларына баж салығын енгізе бастады. Бұл туралы DW басылымы жазған.

Канада баж салығы

Басылымының ақпаратына сүйенсек, Канада АҚШ-тан импортқа 25 пайыздық баж салығын яғни 155 млрд канадалық доллар (55 трлн 378 млрд теңге) салық енгізеді.

Алғашқы тауарларға баж салығы 4 ақпанда басталады. Оның жалпы соммасы 30 млрд канадалық долларға тең. Өзге салық ережелері 21 ақпанда күшіне енеді. Канада үкіметінің басшысы Джастин Трюдо отандастарын АҚШ тауарларынан бас тартып, көрші елге қыдырып бармауға шақырды.

Оттава маңызды пайдалы қазбалар, энергия сатып алу және көрші мемлекетпен ынтымақтастықтың басқа түрлерін қайта қарауды жөн көріп отыр.

Мексика шектеулері

Мехико Трамптың салығына «тарифтік және тарифтік емес шаралармен» жауап береді. Сонымен қатар, Канада Мексикамен бірлесіп жұмыс істеуге ниетті. Тиісті тапсырмаға елдің президенті Клаудия Шейнбаум қол қойған. Алайда ресми Мехико әлі де АҚШ-пен келіссөздер жүргізуді көздеп отыр.

Мәселенің мәні

1 ақпанда АҚШ президенті көршілес екі ел мен Қытайдың тауарларына баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Канада мен Мексикадан келетін өнімдердің ставкасы 25 пайыз, Канададан келетін энергия ресурстарына 10 пайыз деңгейінде белгіленеді. ҚХР тауарларының барлық түріне 10 пайыздық мөлшерлеме қолданылады.

Трамп өз шешімін заңсыз мигранттар мен есірткі контрабандасынан туындайтын қауіппен түсіндірген.

Қытай шағымы

Қытай болса, АҚШ тауарларына салық салмай, Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) шағым түсіруді көздеп отыр.