Қазақстандықтардан 40 млн ұрлаған алаяқтар Ресейде ұсталды
Қазақстандықтарды 32 миллион теңге мен 14 мың долларға алдап, кейін сот төрелігінен қашып кеткен екі азамат Ресейде ұсталды.
Полиция мәліметіне сүйенсек, қылмыскерлерді іздеу және ұстау жұмыстары ТМД елдерінің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл аясында жүргізілген.
«Мәскеуде 28 жастағы қазақстандық ұсталды, ол Алматыда 2024 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында жергілікті тұрғындарға қымбат смартфондар сатуға уәде беріп, кейін қашып кеткен. Ер адам жеті адамды алдады. Шығын 32 млн теңгеден асты», – деп хабарлады ведомство.
Мәскеу маңындағы Люберцы қаласында Шымкент полиция қызметкерлері іздеу салған 36 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталған.
«Ол 2014 жылы Шымкент тұрғынына тиесілі жер учаскесін алдап сатқан. Залал сомасы 14 мың долларды құрады», – деп түсіндірді ІІМ.
2025 жылдың басынан бері шетелдерден 11 қылмыскер іздестіріліп жатыр. Ал Қазақстан аумағында өзге елдерде іздеу салынған 44 күдікті ұсталған.
Айта кетейік, осыған дейін Интерпол іздеу салған Қазақстан азаматы Бішкекте ұсталған. Оған шекара қызметкеріне пара бермек болды дегеп айып тағылған.