Жол апатын тудырған әскери техниканы тасыған жүргізушіге үкім оқылды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Фото: Алматы облысы соттарының telegram парақшасы

«Алматы – Өскемен» автожолында әскери техника мен полиция көлігінің қатысуымен болған жол апатына байланысты сот шешімі шықты.

Мән-жайы

Іс Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотында қаралды. Оқиға әкімшілік кодекстің 610-бабының 1-бөлігі (Көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да құрылыс жайлардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген, материалдық залал келтiрген көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша тергелген.

Оқиға қалай болды

Іс материалдарына сәйкес, жүргізуші М. «КАМАЗ» жүк автокөлігін басқарып, тралмен әскери техниканы тасымалдаған. Алматы-Өскемен автожолының 56-шы шақырымында бұрылу кезінде екі көпфункционалды жеңіл броньдалған тартқыш (МТЛБ) тралдан түсіп кеткен. Біреуі металл қоршауға соқтығысып, екінші жүргізушінің басқаруындағы көлік полицияның «Sang Yong Action» маркалы автокөлігіне соқтығысқан.

Үкім

Сот отырысында М. кінәсін мойындап, қатаң жазаламауды өтінген. Сот жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, 55048 теңге көлемінде айыппұл салған. ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігіне сәйкес салынған айыппұлдың жалпы сомасының 30% асырмай қысқартуға болады.

2025 жылдың 15 қаңтарында «Алматы – Өскемен» автожолында әскери техниканың қатысуымен жол апаты болған. Техника тралдан құлап, полиция көлігін жапырып тастаған.

Сондай-ақ оқыңыз