Жаңалықтар

Мыңдаған шетелдік таксист болып заңсыз жұмыс істеп келген. Енді оларға не болады

Фото: shutterstock/Коллаж: KursivMedia, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Алматы қаласының прокуратурасы ел бойынша 4237 шетелдік заңсыз жұмыс істеп келген 400-ден астам таксопаркті анықтады деп хабарлады қалалық прокуратура.

Мән-жайы

Қазіргі уақытта көші-қон қызметі комитеті елде заңсыз қызметті жүзеге асырған таксопарктер мен шетелдіктерге қатысты тиісті шаралар қабылдау мәселесін қарап жатыр.

Қабылданған шара

Бүгінгі күні ел бойынша ӘҚБтК-нің 517-бабына сай, 346 шетелдік-таксист, ӘҚБтК-нің 519-бабына сай, шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 148 таксопарк әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

112 таксист қабылдау-тарату орнына қамалса, 156 шетелдік республикадан шығарылған. Олардың дені Алматыда жұмыс істеген.

Такси қызметіндегі өзгерістер

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап, такси қызметіне байланысты бірқатар өзгеріс енгізілді. KursivMedia ол нендей өзгеріс әрі жүргізушілерге қалай әсер ететінін анықтап көрген.