Lifestyle

Түркістан-Ташкент-Самарқан-Тараз: Jibek joly туристік пойызы Наурыз мейрамында жолға шығады

Jibek joly туристік пойызы Наурыз мейрамында жолға шығады
Jibek joly туристік пойызы Наурыз мейрамында жолға шығады / Фото: Туризм және спорт министрлігі

Jibek Joly туристік пойызы үшінші рет Наурыз мейрамы қарсаңында Алматыдан жолға шықпақ. Туристер мереке күндерін Қазақстан мен Өзбекстанда өткізіп, екі елдің мейрамдағы дәстүрлерімен танысады. Бұл туралы Kazakh Tourism хабарлады.

Қашан жолға шығады?

Жаңа тур 2025 жылдың 20-25 наурызы аралығына белгіленген.  «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы» бағытындағы тур бағдарламасы 5 күннен тұрады. Саяхатшылар Ұлы Жібек жолы бойымен ежелгі қалалардың тарихи ескерткіштерімен көрікті жерлерін көреді.

Тур бағдарламасы

Тур бағдарламасындағы басты өзгеріс бұл саяхатшылар Шымкентке бармайды. Оның орнына 2 мың жылдық тарихы бар Тараз қаласына барады.

Саяхатшылар этноауылдардағы мерекелік концерттерді тамашалап, екі елдің салт-дәстүрімен танысып, тағамдардан дәм татады.

Бұған қоса, бағдарламаға, әр қалада гидтер күтіп алып, тарихи ескерткіштерді көрсетеді. Саяхатшылар вагондарда ұйықтаған кезде пойыз жол жүріп отырады. Күндіз туристер қыдырып кеткенде қала вокзалында күтіп тұрады. Әр қалада түскі және кешкі ас беріледі.

Осының алдындағы саяхат қаңтар айының басында болған. Туристер Түркістан-Ташкент-Самарқан-Шымкент қалаларын аралап қайтқан. KursivMedia тілшісі Jibek joly пойызымен саяхаттап, сапардың ұтымды тұстарымен бөліскен.