Ресейлік хакерлердің шабуылынан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде тексеру жүргізіледі

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде тексеру жүргізіледі
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде тексеру жүргізіледі / Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрлігі ресейлік хакерлердің шабуылынан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы министрлікке сілтеме жасап Орда басылымы жазған.

Мәселенің мәні

Ведомство ақпаратты KursivMedia тілшісіне де растады. Министрлік өкілдері мәселені бұрыннан бақылап келе жатқанын айтқан. Алайда Sekoia компаниясының киберқауіпсіздік туралы есебінен кейін тексеру жүргізуді жөн көрген.

Қауіпсіздік қызметінің мониторингі кезінде 2023 жылдың екінші жарты жылдығында Сыртқы істер министрлігіне кибер шабуыл жасалған. Шабуыл жасау кезінде CherrySpy және Hatvibe файлдары қолданылған.

2024 жылы Цифрлық даму министрлігі СІМ техникалық қауіпсіздігін тексеріп шыққан.

«Ақпараттық қорғауды күшейту үшін барлық жұмыс станциялары арнайы жүйемен жабдықталған. Жүйелердің қорғалу деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізіліп, бағдарламалар жаңарып, кибер шабуылға қарсы әрекеттер күшейеді», – делінген министрлік жауабында.

Бұған қоса, министрлік шабуылға Ресейдің қатысы бар деп айтуға әлі ерте екенін атап өткен.

Айта кетейік, француздық Sekoia зерттеу компаниясы ресейлік хакерлердің Қазақстанға аса қызығушылық танытатынын және Сыртқы істер министрлігінің құжаттарына шабуыл жасалуы мүмкін екенін жазған.

Сондай-ақ оқыңыз