Лос-Анджелесте 67-ші Grammy музыкалық премиясын табыстау рәсімі өтті. Бұл – әлемдегі ең беделді музыкалық марапаттардың бірі.
«Жылдың үздік альбомы» номинациясында жеңісті Бейонсе жеңіп алды. Бейонсе «Cowboy Carter» атты туындысы арқылы roots-country жанрын зерттеп, афроамерикалық мәдениет тарихына терең үңілген.
Сондай-ақ Кендрик Ламар өз шығармашылығы үшін екі бірдей номинацияда жеңімпаз атанды:
- «Жылдың үздік жазбасы»
- «Жылдың үздік әні»
Бұл марапаттар оған «Not Like Us» трегі үшін берілді. Бұл ән сыншылар тарапынан «әлеуметтік наразылықтың гимні» ретінде бағаланып, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.
Грэммидің басқа жеңімпаздары:
- Үздік жаңа әртіс – Чаппелл Рон
- Үздік поп-вокал (альбом) – Short n’ Sweet (Sabrina Carpenter)
- Үздік дуэттік поп-орындау – Леди Гага мен Бруно Марс (Die With A Smile)
- Үздік латын поп-альбом – Шакира (Las Mujeres Ya No Lloran)
- Үздік кантри-альбом – Бейонсе (Cowboy Carter)
- Үздік рэп-альбом – Doechii (Alligator Bites Never Heal)
- Үздік электро/би альбомы және үздік би жазбасы – Charli XCX (Brat)
- Үздік рок-альбом – The Rolling Stones (Hackney Diamonds)
- Үздік альтернативті альбом – Flea (St. Vincent)
Еске сала кетейік, 2021 жылы тұңғыш қазақстандық музыкант DJ Imanbek «Үздік ремикс» номинациясында Grammy сыйлығын жеңіп алған еді.
Бұған дейін кино саласындағы 97-ші «Оскар» сыйлығының үміткерлері белгілі болғаны туралы жазған едік. «Оскар» сыйлығын табыстау рәсімі 2 наурызға жоспарланған.