Танымал әнші, актриса Сиви Махмуди Instagram парақшасында Алмас Кішкенбаевқа қолдау білдіріп жазба қалдырды.
«Әппақ қардай ниеті түзу досым, құдай аққа жақ. Біз сенімен біргеміз!” – деп жазды Махмуди.
Жазбаға «Әппақ қардай арайлы, ақ жүзің атқан таңдай, көздерің де жарық жаққан шамдай, ал сені мен үшін жаратқандай» деген Алмастың ән жолдары қойылған.
Бұған дейін Сиви Махмуди желі қолданушыларының сұрақтарына жауап бере отырып, өзінің алғашқы махаббаты Алмас Кішкенбаев екенін ашып айтқан еді.
«Сенсация болсын! Менің алғашқы махаббатым, 15-16 жасымда достық қарым-қатынаста болған алғашқы жігітім – Алмас Кішкенбаев. Бұл туралы алғаш рет айтып отырмын. Қазір біз жақсы доспыз», – деп бөліскен әнші.
Желі қолданушылары екі әншінің бір кездері әдемі жұп болғанын атап өтіп, пікірлер қалдырды.
«Бізде балалық махаббат болды. Ол кезде Алмас 18 жаста, мен 15-16 жаста едім. Қазір жай ғана доспыз» – деп еске алды Сиви.
Еске салайық, бұған дейін Алмас Кішкенбаев 17 жастағы жігітке тиісті деген күдікпен Алматы қалалық полиция бөлімшесіне жеткізілгені туралы жазған едік.