Қытай компаниясы Қазақстанда адам тәрізді роботтар шығаратын кәсіпорын құрады

Жарияланды
роботтар
Қытайдың AgiBot компаниясы тұрмыстық міндеттерді орындауға көмектесетін роботтар жасайды / Фото: shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қытайдың AgiBot компаниясы Қазақстанда адам тәрізді роботтар жасап жасанды интеллект саласын дамытуға көмектеседі. Бұл туралы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, AgiBot, ewpartners, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ компаниялары өзара келісімге қол қойған. Бұл компаниялар елде роботтар мен жасанды интеллект шешімдерін өндіру және енгізумен айналысатын бірлескен кәсіпорын құрады.

«AgiBot сияқты озық компаниямен серіктестік – робот жасау саласын дамыту тарихындағы маңызды кезең. Әсіресе, біздің әріптестігіміз Қазақстан аумағында роботтар өндірісін локализациялауды көздейді. Осылайша машина жасау саласындағы ең перспективалы бағыттардың бірінде кәсіпорын ашылып, робототехника саласындағы отандық құзыреттілік орталығын құруға мүмкіндік туады», – деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Бұл қандай компания?

Мұндағы AgiBot компаниясының негізі 2023 жылдың ақпанында қаланған. Бұл компания адам тәріздес әзірлеумен айналысады. Сонымен бірге компания жасанды интеллектті пайдалана отырып, роботтарды өнеркәсіптен бастап тұрмыстық міндеттерді орындауға бейімдейді. Бұл компания құрылғалы бері 1000-ға жуық роботтарды шығарған.

Роботтар Қазақстанда құрылатын кәсіпорында шығарылып, ары қарай басқа шет елдерге экспортталатын болады. Министрлікпен серіктестік аясында AgiBot компаниясы роботтар мен роботтандырылған жүйелерді оқытуға арналған «деректер фабрикасын» іске қосуды жоспарлап отыр.

Бұл жобаны ewpartners жеке инвестициялық қоры және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қаржыландырады.

Сондай-ақ оқыңыз