Трамп пен Путин Сауд Арабиясында немесе БАӘ-де кездесуі мүмкін – Reuters

Жарияланды
Фото: reutersconnect.com

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин кездесетін алаң ретінде Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірлігі қарастырылып отыр.

Reuters жазуынша, бұл туралы Ресей билігіндегі екі бірдей сенімді дереккөз хабарлаған.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда, Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктері соңғы апталарда Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб әмірліктеріне жиі сапарлап барған. Бірақ Мәскеу саммитті бұл елдерде өткізуге қарсы. Өйткені екі мемлекеттің де қауіпсіздік саласында АҚШ-пен тығыз байланысы бар.

АҚШ президенті Дональд Трамп 2 ақпанда Ресей және Украина өкілдерімен кездесу өткізетінін жария етті.

«Бізде Ресей мен Украинаны қоса алғанда, түрлі тараптармен кездесу және келіссөз өткізу жоспарлаған», – деді Трамп.

Оның сөзіне қарағанда, жоспарланған кездесулер «табысты» өтіп жатыр.

Осы уақытқа дейін Ресейдің ресми тұлғалары АҚШ-тың жаңа әкімшілігімен тікелей байланысқа шыққаны туралы ләм-мим демеген. Путин мен Трамптың кездесуіне әзірлік жайында ауыз ашқан емес.

Десе де, Путин Украинадағы соғыс бойынша АҚШ-пен диалог орнатуға дайын екенін мәлімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз