Каспий теңізі аспанында украин дроны атып түсірілді

Жарияланды
Фото: shutterstock

Ресей әуе қорғанысы күштері Каспий теңізі аспанында украин дронын атып түсірді. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады.

«3 ақпанда Мәскеу уақытымен сағат 07:50 шамасында әуе қорғанысы күштері Каспий теңізі акваториясы аспанында қашықтан басқарылатын украин аппаратын атып түсірді», – деп мәлімдеді министрлік өкілі ТАСС агенттігіне.

Ресей қорғаныс министрлігі мәліметінде украин дроны теңіздің нақты қай тұсында атып түсірілгені айтылмаған.

Каспий теңізі жағалауында бес мемлекет орналасқан. Теңіз акваториясының едәуір бөлігі Қазақстанға тиесілі.

Сондай-ақ оқыңыз