Қазақстан қарызы тағы қанша миллиардқа артқаны мәлім болды

Жарияланды
Қазақстанның мемлекеттік берешегі көбейді.

Қазақстан қаржы министрлігі мемлекет берешегі, мемлекет кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерліктері бойынша қарыздың жай-күйі туралы тың ақпарат жариялады.

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 31,8 трлн теңгеге немесе 60,8 млрд долларға артып (теңгенің долларға шаққандағы бағамы 523,5 теңге), Ұлттық банктегі барлық қаражаттан да асып түсті. Ұлттық банктегі қаражат көлемі былтыр 58,8 млрд доллар болған.

Қазан айынан бері Қазақстанның мемлекеттік қарызы 1,3 трлн теңгеге немесе 4,3 пайызға артқан. Қаржы министрлігі таратқан статистикалық мәлімет соған дәлел.

Борыштың басым бөлігі – үкімет берешегі. Ол 30 трлн теңгеден асып түсті. Үкімет қарызының 21,7 трлн теңгесі – ішкі, ал 8,3 трлн теңгесі – сыртқы берешек.

Қазақстанның тағы мынадай сыртқы қарызы бар:

  • Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі – 1,99 трлн теңге (үш айда +420 млрд теңге); 
  • Даму Банкі – 864,6 млрд теңге (+199 млрд теңге); 
  • Еуропа Қайта құру және Даму Банкі – 43 млрд теңге (+3,6 млрд теңге); 
  • Ислам Даму Банкі – 31,3 млрд теңге (+2,5 млрд теңге); 
  • Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі – 459,2 млрд теңге (+155,8 млрд теңге); 
  • Араб экономикасының дамудың Кувейт қоры – 187,7 млн теңге (+14,2 млн теңге).

Үкімет қарызын былай қойғанда, Ұлттық банк пен жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) берешегі де аз емес. Ұлттық банк қарызы үш айда 45,8 млрд теңгеге азайған, бірақ 454,1 млрд теңгесі қалған. Ал әкімдіктер берешегі 157 млрд теңгеге артып, 2,3 трлн теңгеге жеткен.

Мемлекет кепілдігімен алынған қарыз 1,9 трлн теңге, мемлекет кепілгерліктері бойынша берешек 20,6 млрд теңге болды.

Сондай-ақ оқыңыз