«-30 градусқа дейін аяз»: алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Ауа райы болжамы: кей аймақтарда тұман түсіп, жел күшейеді / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

4-6 ақпан аралығында Қазақстанда қар жауып, боран соғып, қатты жел күтіледі. Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынып, күн райы күрт суытатынын ескертті.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, елдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар жауып, боран соғады, қатты жел күтіледі. Батыс аймақтарда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстікте жылы және құрғақ ауа райы сақталады.

Қазгидромет болжамы қандай?

«Ауа температурасы түнде біртіндеп төмендейді: батыста -8…-13 градусқа, солтүстік пен орталықта -13…-21 градусқа, ал шығыста -15…-30 градусқа дейін суытады», – делінген хабарламада.

Астана:

4 ақпан: Жауын-шашынсыз, тұман, көктайғақ. Жел 3-8 м/с. Түнде -12…-14°C, күндіз -2…-4°C.

5 ақпан: Күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел күшейіп, 9-14 м/с болады. Түнде -11…-13°C, күндіз -6…-8°C.

6 ақпан: Аздаған қар жауып, боран соғады. Жел 9-14 м/с. Түнде -16…-18°C, күндіз -9…-11°C.

Алматы:

4-6 ақпан: Құрғақ ауа райы, тұман және көктайғақ болуы мүмкін. Жел 2-7 м/с. Түнде -9…-11°C, күндіз 0…+2°C.

Шымкент:

4 ақпан: Жылы, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде -4…-6°C, күндіз +7…+9°C.

5-6 ақпан: Жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз +7…+9°C.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің кей аймақтарында тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз