Қазақстанда картоп өнімінің көлемі 29%-ға артқанымен, бағасы 57%-ға жуық қымбаттады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Урожай картофеля
Картоптың бағасы бір жыл ішінде 57,8%-ға өсіп кетті./ коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Милош Муратовский

Қазақстанда 2024 жылы 2,6 млн тонна картоп жиналды. Өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 28,7%-ға артса, егістік алқабы 122,6 мың гектарға дейін, яғни үштен бірге ұлғайған.

Соған қарамастан, ресми статистикаға сәйкес, картоптың бағасы бір жыл ішінде 57,8%-ға өсіп кетті. Жалпы, картоптың валдық түсімі 29,3%-ға, ал өнімділігі 4,6%-ға артып, 272,5 ц/га болған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы елде 21,1%-ға көп көкөніс, дәнді дақылдар, бақша өнімдері, тамыр және түйнек дақылдары өндірілген.Алайда жалпы егістік алқабы 1,4%-ға қысқарып, 327,1 мың гектарды құрады.

Нарықтағы ахуал қандай?

2025 жылдың алғашқы үш аптасында картоп тағы 14,3%-ға қымбаттады. Ең жоғары өсім келесі қалаларда байқалды:

Астана – екі есе, Алматы – 85,7%-ға, Атырау, Семей, Өскемен – 70%-дан жоғары.

Елорда дүкендерінде картоп бағасы 1 кг үшін 413-495 теңгеге жетті. Осыған байланысты қалалық билік сатылымға бірқатар шектеу енгізді. Мәселен,  Small және Spar сауда желілерінде бір адамға 5 келіден артық сатуға тыйым салды.

 Министрлік не дейді?

Ауыл шаруашылығы министрлігі картоптың қымбаттауын делдалдардың алыпсатарлық әрекеттерімен байланыстырып отыр. Ведомствоның мәліметінше, елде 850 мың тоннадан астам картоп қоры бар, бұл ішкі қажеттілікті толық өтеуге жеткілікті. Министрлік картоп тапшылығы жоқ деп мәлімеп отыр.

Айта кетейік, 28 қаңтардан бастап Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі үшінші елдерге картоп шығаруға тыйым салды. Министрліктің мәліметінше, көрші елдердің Қазақстанда өндірілген картопқа деген сұранысы күрт артқан. Сондықтан осындай қадамға баруға мәжбүр болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз