АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға әскери және қаржылай көмекті жалғастыру үшін Киев Вашингтонға құнды шикізат жеткізуі тиіс деген шарт қойғысы келеді. Германия канцлері бұл талапты «өзімшілдік» деп атады, деп жазады Euronews.
Мән-жайы
Германия канцлері Олаф Шольц Дональд Трамптың Украинаға әскери көмектің өтеуі ретінде құнды ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік беру туралы ұсынысын сынға алды.
«Бұл елдің ресурстарын қорғаныс қабілетін қаржыландыру үшін пайдалану «өте өзімшілдік, өте эгоцентризм» болар еді, деді Шольц Брюссельде өткен бейресми ЕО саммитінен кейін.
Шольц уәжі
Шольц сирек кездесетін металдар Украинаға елді соғыстан кейін қалпына келтіруге жұмсалуы керек деп санайды.
«Бұл өте күрделі міндет, әсіресе, қиранды жойқын екенін ескерсек. Сондықтан елдің ресурстары соғыс аяқталғаннан тиісті мақсатта пайдаланылуға тиіс», – деп мәлімдеді Шольц.
Бұған дейін Дональд Трамп Украинамен сирек жер металдарына қол жеткізу туралы келісім жасағысы келетінін айтқан. Бұл келісім АҚШ-тың Украинаға әскери қолдау көрсетуін жалғастыру үшін басты шарт болып отыр.
Дереккөздер мәліметінше, Киев стратегиялық кен орындарын өзінің басты серіктесіне беруге қарсы емес.