Автогаз қымбаттады. Енді бензин өссе, ұшақ, пойыз бен такси құны қалай өзгереді
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/rising-fuel-prices-1024x576.png)
Көлік министрі Марат Қарабаевтан баспасөз мәслихатында қосылған құн салығы мөлшерінің артатыны, автогаз бағасы қымбаттап, бензин құнының өсетіні жол қозғалысы қызметтерінің бағасына қаншалықты әсер ететіні сұралды.
Әуе қызметі
Қарабаев әуе керосинінің құнын әуелден нарық айқындайтындықтан, ол жаққа әсер етпейтінін жеткізді.
Темір жол бағасы
Министр темір жол бағасын мемлекет реттеп отыратынын айтып, темір жол билеттерінің құнын қымбаттатуды жоспарлап отырмағанына сендірді.
Такси қызметі
Министрдің сөзінше, жанармай еркін нарыққа беріліп жатқандықтан, бағаны нарық айқындайды. Сәйкесінше, такси қызметі нарықтағы жағдайға тікелей байланысты. Марат Қарабаев такси қызметін қазірдің өзінде нарық белгілеп отырғанын, оның құнына мемлекет араласпайтынын атап өтті.
Бұған дейін, Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бензин бағасы қанша теңгеге қымбаттайтынын айтқан.
Сондай-ақ әуе керосині қымбаттағаннан кейін, баға өзгерісін бақылау үшін арнайы комиссия құрылатыны хабарланған.
Айта кетейік, ел бойынша автогаз бағасы 1 ақпаннан бастап қымбаттаған.