Ақтаудағы Azerbaijan Airlines ұшақ апатын тергеудің алдын ала қорытындысы шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ақтаудағы ұшақ апатын тергеудің алдын ала қорытындысы шықты / фото: архив kursiv.media

Көлік министрлігі Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Embraer-190 ұшағымен болған оқиғаны тергеу бойынша алдын ала есепті ресми сайтында жариялады.

Министрліктің ресми сайтында жарияланған құжатта авиациялық оқиғаның себептерін, тергеу барысын және қабылданған шараларды сипаттайды. Алдын ала есепте оқиғаның мән-жайы, техникалық деректер және алғашқы қорытындылар көрсетілген.

Көлік министрлігі бұл құжатты ашық жариялау арқылы авиация саласындағы ашықтық пен қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталғанын мәлімдеді.

Оқиғаның толық қорытындысы тергеу аяқталған соң жарияланатын болады. Авиация саласындағы кез келген жаңартулар мен ресми мәлімдемелер Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ресми сайтында қолжетімді болады.

Еске сала кетейік, 25 желтоқсанында Бакуден Әзірбайжанға бағыт алған Azerbaijan Airlines авиа компаниясының ұшағы құлады. Бұл апатта алты Қазақстан азаматы қаза тапты.

Апаттан кейін Көлік министрлігі Embraer ұшағын өндіруші компанияның өкілдері келіп, апаттың себебін анықтауға көмектесетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Ақтауда вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басқаруымен Үкіметтік комиссия құрылған болатын.  

Сондай-ақ оқыңыз