Lifestyle

Marvel “Фантастикалық төрттік” фильмінің алғашқы трейлерін ұсынды

Marvel «Фантастикалық төрттік» фильмінің трейлерін ұсынды / фото: скриншот

Marvel және Disney киностудиялары «Фантастикалық төрттік: Алғашқы қадамдар» жаңа фильмінің алғашқы трейлерін жариялады. Бейнежазбада суперқаһармандар отбасы мен 1960 жылдардағы Нью-Йорк қаласы көрсетілген.

Фильмнің режиссері – Мэт Шакман, бұған дейін «Доктор Хаус», «Жақсы әйел», «Игра Престолов» және «ВандаВижн» сияқты танымал жобаларда жұмыс істеген. Ал продюсер Marvel Studios басшысы Кевин Файги болған.

YouTube video player

«Фантастикалық төрттік» фильмі 2025 жылдың 24 шілдесінде көрерменге жол тартады.