Жақын күндері Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала есебі жарияланады – Қарабаев

Жақын күндері Ақтаудағы ұшақ апатының себебі анықталады. Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет сағатынан кейін өткен брифингте апатқа қатысты зерттеу жұмыстары аяқталуға жақын қалғанын айтты.
«Мамандар жұмыс істеп жатыр. Зерттеуге шетел мамандары жұмылдырылды. Ресейден, Бразилиядан, Әзербайжаннан, ICAO мен CENIPA-дан келген мамандар апатты бірге зерттеп жатыр. Қазіргі таңда жұмыстар аяқталуға жақын. Жақын күндері мамандардың алдын ала есебі министрліктің ресми сайтында жарияланады», – деді министр.
Апат туралы
2025 жылдың 25 желтоқсанында Бакуден Әзірбайжанға бағыт алған Azerbaijan Airlines авиа компаниясының ұшағы құлады. Бұл апатта алты Қазақстан азаматы қаза тапты.
Апаттан кейін Көлік министрлігі Embraer ұшағын өндіруші компанияның өкілдері келіп, апаттың себебін анықтауға көмектесетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Ақтауда вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басқаруымен Үкіметтік комиссия құрылған болатын.