Қытайдың жауабы. АҚШ-тан келетін тауарларға салық көтеріледі

Жарияланды
Қытай АҚШ
Қытай Америкадан келетін тауарларға салық көтереді/ Фото: shutterstock

Қытай 10 ақпаннан бастап америкалық мұнай, ауыл шаруашылық техникаларына, сондай-ақ көмір мен сұйытылған табиғи газға салынатын салықты 10%-ға көтереді. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бұйрығында жазылған.

Бейжің тек салық енгізумен ғана шектелмейді. Вольфрам, теллур, висмут, молибден және индиймен байланысты тауарларға экспорттық бақылау жүргізбекші. Енді америкалық экспорттаушылар тауарды елге кіргізу үшін Мемлекеттік Кеңестен арнайы лицензия алу керек. ҚХР-дың Коммерция министрлігі аталған шара ұлттық қауіпсіздікті және ел мүддесін қорғауға бағытталған деп түсіндірді.

ҚХР-дың Мемлекеттік кеңесі салықты көтеру туралы шешім АҚШ-тың сыртқы экономикалық саясатына жауабы екенін айтады. Сондай-ақ қытайлық өндірушілерді қорғау үшін жасалып отыр деп түсіндірді. Қозғалтқыш көлемі үлкен автомобильдер мен пикаптарға да салық салу жоспарланған.

Ақпанның бірінен бастап Дональд Трамп Қытай, Канада және Мексикадан келетін тауарларға қосымша 10% салық салу туралы бұйрыққа қол қойған еді. Тіпті олар «оған жол бермеу үшін ешнәрсе істей алмайды» деп мәлімдеді.

Ал бұған жауап ретінде Канада мен Мексика америкалық тауарларға баж салығын енгізе бастады.

Сондай-ақ оқыңыз