Қазақстан қаржы биржасы «KASE Global» секторында биыл қаңтар айында бағалы қағаздар саудасының нәтижесін жариялады.
KASE мәліметінше, жергілікті қаржы биржасындағы Global секторында өткен айдағы сауда көлемі шамамен 7,5 млрд теңге ($14,3 млн) болды. 42 компанияның акциялары саудаланып, жалпы сомасы 5 млрд 758 млн теңгенің 14,5 мыңнан аса келісімі жасалды.
Қаңтар айында жергілікті биржада NVIDIA корпорациясы (NVDA_KZ) акцияларының саудасы қызды. Атап айтқанда, корпорация акцияларына қатысты 1 млн 376 млн теңгенің ($2,6 млн) 3,8 мыңнан аса келісім жасалды.
Алғашқы бестікке Tesla (TSLA_KZ), Occidental Petroleum Corp. (OXY_KZ), Advanced Micro Devices, Inc. (AMD_KZ) және Airbus (AIR_KZ) енді.
Айта кетейік, Қазақстан қаржы биржасында бағалы қағаздар саудасында топ жарған Nvidia акцияларының құны 3 ақпанда әлем нарығында 2,8 пайызға төмендеген. Инвесторлар бұған АҚШ-тың импортқа баж салығын енгізуі әсер етті деп есептейді.