Трамп әл-ауқат қорын құрып, TikTok-ты сатып алуы мүмкін екенін мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп бір жылдың көлемінде елдің әл-ауқат қорын құруды тапсырғанын, сонымен бірге TikTok әлеуметтік желісін сатып алуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Қор не үшін қажет?
АҚШ-та халықтың әл-ауқаты қоры құрылса, онда Құрама Штаттар да, Азия мен Таяу Шығыс елдері секілді, мемлекет қаражатын тікелей инвестиция құюға пайдалана алады, деп жазды Reuters.
«Біз осы қор үшін көп ақша жинауды көздеп отырмыз. Еліміз үшін дербес әл-ауқат қор құратын кез келді», – деп мәлімдеді Трамп.
Президент жарлығында елдің қаржы министрлігі мен сауда министрлігі 90 күн ішінде осындай қор құру жобасын дайындауы тиіс екені айтылған.
Әдетте мұндай қорлар ел бюджет профициті кезінде ғана құрылады, бірақ қазір Құрама Штаттар қазынасында дефицит байқалады. Сол себепті осындай қор құру бастамасын Конгресс мақұлдауы керек.
Әкімшілік өкілдері қор қаражатты қайдан алатынын, қалай жұмыс істейтінін айтпады. Дегенмен бұған дейін Трамп мұндай қор «баж салығы мен басқа да ақылға қонымды әрекеттер арқылы қаржыландырылады» деп айтқан.
TikTok кімге бұйырады?
Бұған қоса АҚШ президенті TikTok әлеуметтік желісін сатып алу мәселесімен бірнеше адаммен келіссөз жүргізгенін мәлімдеді. Трамптың айтуынша, ол осы мәселеге қатысты шешімді осы айда қабылдайды.
«Біздің бір ойлағанымыз бар. Оның TikTok-қа да қатысы болуы мүмкін. Көңілге қонымды келісім жасалса, соны жүзеге асырамыз. Болмай жатса, қаражатты дербес әл-ауқат қорына құямыз», – дейді Трамп.
Қысқа видеоларды жүктеуге арналған TikTok әлеуметтік желісін шамамен 170 миллион америкалық қолданып жүр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Джо Байден әкімшілігі АҚШ-та кең қолданысқа ие әлеуметті желіні бұғаттаған, алайда биыл 20 ақпанда билікке келген Дональд Трамп TikTok-ты бұғаттан босатқан.
Артынша, 27 қаңтарда 27 қаңтар күні Трамп TikTok әлеуметтік желісін Microsoft компаниясы сатып алу үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған.