Қазақстан Конго Республикасына жерді қашықтан зондтау жүйесін әзірлеуге көмектеспекші
Қазақстан Конго мемлекетіне жерді қашықтан зондтау жүйесін әзірлеуге көмектеседі. Цифрлық даму министрлігі мен Конго Республикасы үшін айыру қабілеті жоғары Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін әзірлеу және іске асыру туралы инвестициялық келісімге ресми түрде қол қойды.
Бұл жоба ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстардың мониторингі, ауыл шаруашылығы, экология және урбанистика салаларында ғарыштық технологияларды дамытуға бағытталған. Келісім аясында жерді жоғары дәлдікпен және жедел бақылауға қабілетті спутниктік платформа құру көзделген.
«Аталаған келісім Конго Республикасына Жерді қашықтан зондтау спутниктерінің халықаралық тобына қосылуға мүмкіндік береді. Бұл топқа қазірдің өзінде Моңғолия кіреді»,- делінген министрлік хабарламасында.
Құжатқа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ мен Конго Республикасының өкілдері қол қойды. Министрлік бұл екінші табысты экспорттық жоба екенін мәлімдеді.
Өткен жылы Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан Жерді қашықтықтан зондтау үшін тағы үш жерсерік жасауға келісімшартқа қол қойғанын, оларды іске қосу 2027 жылға жоспарланғанын атап өтті. Моңғолиямен спутник өндіруде экспортқа келісімшартқа қол қойылғанын да мәлімдеді .Сондай-ақ, Қазақстан 2025 жылы ғарышқа өз зымыранын ұшырады деп мәлім еткен болатын.