Lifestyle

2025 жылы жас отбасыларға арналған ипотекалар

ипотека
Жастарға арналған ипотека / Фото:shutterstock

Қазір нарықта жалпы азаматтар үшін ғана емес, жас отбасылар немесе жастарға арналған ипотекалық бағдарлама жетерлік. Бағдарламалар арқылы тек ірі қалаларда ғана емес, облыс орталықтарында жеңілдікпен баспана алуға болады. Назарларыңызға солардың тізімін ұсынамыз

Аймақтық «Алматы жастары», «Елорда жастары», Qamqor, «Алатау жастары» т.б.

Бұл ипотекалар «Отбасы банк» пен жергілікті облыс/ қала әкімдіктерінің ортақ бағдарламасы. Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істейді. Әкімдіктер қатысушылар үшін арнайы критерийлер бекітеді. Критерийлер әр өңірде әртүрлі болуы мүмкін.

Шарттары:

  • Пайыздық мөлшерлеме — 5–6 %.
  • Бастапқы жарна — 10 %.
  • Қарызға берілетін сома — 18 млн теңгеге дейін. Егер пәтердің бағасы тым қымбат болса, қалған соманы қатысушы өзі төлейді.
  • Мерзімі  — 19 жылға дейін

Талаптары:

  •  35 жасқа дейін
  • Қатысушының өзінде және жұбайында 5 соңғы бес жылда баспанасы болмауы керек 
  • Қалада/облыста тұрақты тіркеу болуы
  • Бастапқы жарнасының болуы
  • Төмендегі мамандықтар бойынша 6 айдан кем емес тәжірибесі болуы:
    — денсаулық сақтау; 
    — білім беру; 
    — мәдениет; 
    — спорт; 
    — ЖОО және ғылыми зерттеу институттары; 
    — журналистика; 
    — әлеуметтік сала
    — құқық қорғау органдары; 
    — коммуналдық қызмет; 
    — Мәдениет саласындағы мамандар: мүсіншілер, суретшілер, дизайнерлер

Қандай үй сатып алуға болады?
Бірінші және қайталама нарықтағы тұрғын үйлер, үлестік қатысу арқылы баспана иелену.

Ерекшелігі

Балдық жүйелер:

— некеге тұрғаны, балалары үшін —  1 баллдан;
— әр жұмыс тәжірибесі үшін  — 2;
— әлеуметтік жағдайы төмен болса — 5.

  • Ипотеканы «Отбасы банк» береді. Өтініш қабылдау уақытын банк сайтынан немесе жергілікті әкімдік жаңалықтарынан бақылауға болады

«Жас Отбасы» ипотекасы

Шарттары

  • Пайыздық мөлшерлеме — 5% – 6 % .
  • Бастапқы жарна — 50 %.
  • Қарыз көлемі — 100 млн теңгеге дейін.
  • Мерзімі —  9 жылға дейін.
  • Отбасы банкте жаңа депозит болуы.
  • Бір жылдан кем емес уақыт депозит жиналуы
  • Баспана құнының 50%-ын «Отбасы банкте» жинап қою немесе бірден төлеу

Талаптары

  • Некеге тұрған уақыты бес жылдан көп болмауы тиіс
  • Қатысушылардың жасы бойынша шектеу жоқ

Қандай үй сатып алуға болады?

  • Бірінші немесе қайталама нарықта үй алу
  • Жер участогын алып, үй салу

Ерекшеліктері

  • Баспана болмауы керек деген талаптар жоқ
  • Екінші, үшінші үй сатып алуға болады
  • Ипотеканы Отбасы банк береді

Бұл ипотека — Отбасы банктің жеке бағдарламасы. Несиелендіру кез келген уақытта шектеусіз қолжетімді.

«7-20-25» ипотекасы

Бұл мемлекеттік әлеуметтік ипотекалық бағдарлама. Мерзімі – 2029 жылдың соңына дейін.

Шарттары

  • Пайыздық мөлшерлеме — 7 %.
  • Бастапқы жарна  — 20 %.
  • Пәтер бағасы — 15–25 млн теңге.
  • Мерзімі —  25 жылға дейін

Талаптары

  • Өзінде немесе жұбайында соңғы бір жарым жылда баспанасы болмауы 
  • Басқа ипотекаларының болмауы
  • Тек бір рет қатысу

Не сатып алуға болады?

Пайдалануға берілген құрылыс компаниясынан жаңа үй немесе жаңа пәтер

Ерекшеліктері

  • Ипотеканы жеті банк береді: ЦентрКредит, Фридом, Halyk, РБК, Алтын, Форте, Еуразиялық банк.
  • Банктерге өтініш беру, баспана іздеу ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

«Наурыз», «Отау» ипотекалары

«Отау» — «Отбасы банкінің» жеке бағдарламасы. «Наурыз» — мемлекеттік ипотека.

Алғашында бұл бағдарламаның шарттары әртүрлі болған. Бірақ 2024 жылдың күзінде «Отау» шарттары «Наурыз» шарттарымен теңестірілді. Биыл екі бағдарлама да наурыздан бастап іске қосылады.

Шарттары

  • Пайыздық мөлшерлеме  — 7 % әлеуметтік әлжуаз топтар үшін
  • 9 % — басқа қатысушылар үшін.
  • Бастапқы жарна  — 10%  егер дайын баспана болса, 20 % — толық бітпеген болса.
  • Қарыз көлемі  —  36 млн теңгеге дейін Астана мен Алматыда, 30 млн теңгеге дейін басқа аймақтарда  
  • Мерзімі  —  19 жылға дейін
  • «Отбасы банкінде» депозит — 2 млн тенге. Мерзімі маңызды емес

Талаптары

  • Өзінде және жұбайында соңғы бес жылда баспанасы болмауы
  • Барлық адам қатыса алады, бірақ 35 жасқа дейінгі азаматтарға басымдық беріледі

Қандай үй сатып алуға болады

  • Астана, Алматы, Шымкентте және облыс орталықтарында тек бірінші нарықтағы пәтерлер  
  • Моноқалалардан, облыстардан жеке үйлер
  • Отбасы банк сайтынан да тұрғын үй іздеп табуға болады.

Ерекшеліктері

  • Балл беріледі: 
    — депозит бойынша сыйақы  — әр 1000 теңге үшін 1 балл
    — тіркелген неке үшін  — 5 балл;
    — балалар үшін  — 10 балл (бала санына қарамайды) 
    — әлеуметтік әлжуаз топқа жатады деген статус үшін — 10 балл; 
    — 35 жасқа дейін болса тағы да — 5 баллов.

Қазақстанда пайда болған тағы бір ипотека түрі – халал-ипотека. Бұл бағдарлама ерекшелігі – пайыздық өсім болмайды. «Отбасы банк» биыл дәл осы халал-ипотеканы іске қосамыз деп хабарлаған еді.

Сондай-ақ биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғандықтан, «Отбасы банк» жаңа ипотекаларды іске қосатын болды. Оның шарттары мен талаптарын мына жерден көре аласыз.