Уран кен орындарын барлау басым құқығы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясына берілмек. Бұл норма Жер қойнауы туралы заң жобасында бекітіледі.
Мәжіліс «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне «Көмірсутектер мен уран саласындағы жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жұмысқа алды.
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, жаңа заң жобасында бірнеше маңызды өзгеріс енгізілмек. Олар:
- аз зерттелген учаскелерде жер қойнауын геологиялық зерттеу сатысынан кейін көмірсутектер бойынша барлау кезеңіне басым құқық беру;
- көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниялар үшін жер қойнауы учаскелерін басым резервтеу құқығына уақытша шектеу белгілеу;
- өндіру кезеңін ұзарту кезінде инвесторға уранды конверсиялау және байыту бойынша технологияларды оқшаулау немесе беру жөніндегі міндеттемелерді бекіту.
Сонымен қатар Қазақстан жаңа уран кен орындарын барлау басым кұқығын иеленеді.
«Конституциялық реформада қабылданған халық пен мемлекет мүдделерін сай қатысты шешімдерді қамтамасыз ету үшін, стратегиялық ресурс болып табылатын уранның барлық перспективалы учаскелері бойынша барлаудың басым құқықығын уран саласындағы ұлттық компанияға беру қарастылады», – деді Жаңбыршин.
Жақында «Қазатомөнеркәсіп» Инкай-Мыңқұдық учаскесінде уран барлау құқығын иеленді.