Lifestyle

Zeekr, GAC, Jaecoo: ақпанда Қазақстанда сатылымға шыққан үздік 6 кроссовер

Үздік кроссовер: бұл тізімде қандай автолар бар? / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2025 жылдың ақпанында Қазақстанның автонарығында бірден бірнеше жаңа кроссовер таныстырылды. Еуропалық, қытайлық және корейлік танымал компаниялар модельдік қатарын кеңейтіп, заманауи технологиялар мен дизайн жағынан ерекшеліктер ұсынды. Бұл ретте Kursiv.Мedia тілшісі жуында ғана автосалондарға жеткізілген су жаңа автокөлік моделдеріне қатысты шолуын ұсынады.

Қалалық типтегі еуропалық кроссовер

Чехиялық Skoda бренді жуырда жаңартылған Kamiq кроссоверін ұсынған еді. Бұл қалалық типтегі авто. Kamiq-тің радиатор торы үлкен, заманауи жарықдиодты оптика және цифрлық аспаптар панелі бар жаңартылған интерьерімен ерекшеленеді.

Kamiq-тің басты артықшылығы– көліктің іші кең, 400 литрлік жүксалғышы бар және 1.5 литрлік турбо қозғалтқышпен жабдықталған. Ал 2.0 TDI қозғалтқышы жанармайды аз тұтынады.

Skoda Kamiq көлігі еуропалық сапаны ұнататындарға арналған/Фото: ашық дереккөзден

Өндірушілер Skoda Kamiq көлігінің 2025 жылы шығарылған моделін еуропалық стиль мен сенімділік нышаны деп сипаттады. Иә, бұл авто қазақстандықтар үшін Toyota немесе  Mercedes-Benz сияқты «халықтық марка» емес. Алайда сипаттамаларына мен бағасы тартымды.

Бұл темір тұлпар еуропалық сапаны ұнататын қалалық кроссовер іздегендерге арналған.

Бағасы: 14 500 000 теңгеден басталады;

Қозғалтқыштары: 1.5 TSI (150 а.к.), 2.0 TDI (150 а.к.);

Беріліс қорабы: 7 сатылы DSG

Жетек: алдыңғы немесе толық жетек.

Қытайлық электрокар

Zeekr 7XGeely-ге тиесілі қытайлық премиум Zeekr бренді ұсынған жаңа электрокроссовер. Өндіруші компания таратқан мәліметке сүйенсек, бұл автокөлік озық технологиялармен жабдықталған. Мәселен, 3-деңгейлі автопилот, жетілдірілген мультимедиалық жүйе және жайлы интерьер.

Zeekr 7X – қытайлық премиум бренд ұсынған жаңа электрокроссовер/Фото: ашық дереккөзден

100 кВт/сағаттық батареясы 620 шақырымға дейінгі қашықтықты жүріп өтуге мүмкіндік береді. Ал 428 ат күші бар, жылдамдығын 100 км/сағатқа дейін небәрі 4,5 секундта арттыра алатын автоның бағасы қанша?

Авто кімге лайық? Электромобильдерге қызығатын, қала сыртындағы демалысты ұнататын жүргізушілерге арналған. Бұл ретте жыл басында Қазақстан нарығына Zeekr электрокарларының басты бәсекелесі BYD келгенін еске салу керек.

Бағасы: 19 900 000 теңгеден басталады;

Қозғалтқышы: 428 а.к. электр қозғалтқышы;

Жүріс қоры: 620 км (CLTC циклі бойынша);

Жетек: толық.

Технологиялық кроссовер

Chery концерніне тиесілі Kaiyi бренді X3 шағын кроссоверін ұсынды. Аталған модельдің басты артықшылығы – бағасы тиімді, техникалық сипаттамалар үйлесімді.

Автокөлік 1.5 литрлік турбо қозғалтқышпен жабдықталған, қуаты – 147 ат күшіне тең. 10 дюймдік мультимедиалық экраны, адаптивті круиз-бақылау және айналаны 360° шолатын камералары бар.

Диллер бұл қолжетімді бағадағы заманауи әрі стильді қалалық кроссовер іздегендерге арналған темір тұлпар деп сипаттады. Алайда автокөлік моделінің қазақстандықтар арасында танымал емес екені анық. Сондықтан бұл авто талғампаз жүргізушілердың қызығушылығын тудыра ма? Белгісіз.

Бағасы: 9 990 000 теңгеден басталады;

Қозғалтқышы: 1.5 турбо (147 а.к.);

Беріліс қорабы: вариатор;

Жетек: алдыңғы.

Chery-дің премиум суббренді

Chery-дің премиум Jaecoo суббренді ұсынған J8 моделі жол талғамайтын көлік пен қалалық кроссовердің үйлесімі. Бұл автокөліктің қозғалтқышы қуатты және толық жетекті. Соның арқасында кроссовер жол талғамайтын авто сияқты тау-таста да жүре береді. Өндірушілер осылай деп уәде берді.

Тау мен таста жүре алатын стильді кроссовер/Фото: ашық дереккөз

Салоны былғары мен ағаштан жасалған, 15 дюймдік мультимедиалық экраны және Sony-дің 14 динамикасы сияқты премиум элементтермен безендірілген. Темір тұлпар қымбат, тау мен таста жүре алатын стильді кроссовер іздегендерге лайықты.

Бағасы: 17 500 000 теңгеден басталады;

Қозғалтқышы: 2.0 TGDi (261 а.к.);

Беріліс қорабы: 8 сатылы автомат;

Жетек: толық.

Қытайлық отбасылық кроссовер

Kaiyi X7 – кең 5 орындық кроссовер. 1.6 литрлік турбо қозғалтқышы (186 а.к.) бар. Сондықтан авто қалалық және ұзақ сапарларға ыңғайлы.

Автокөлік Apple CarPlay және Android Auto жүйесін қолдайды. Мультимедиалық жүйесі, климат-бақылау, светодиодты шамдар және кілтсіз кіру бар мүмкіндігі орнатылған. Бұл отбасымен саяхаттауға арналған авто.

Бағасы: 10 990 000 теңгеден басталады;

Қозғалтқышы: 1.6 TGDi (186 а.к.);

Беріліс қорабы: 7 сатылы робот;

Жетек: алдыңғы немесе толық.

Hyundai Creta-ға сенімді балама табылды

Қытайлық GAC GS3 кроссовері Hyundai Creta-ға балама ретінде ұсынылады. Автокөлік заманауи дизайн, жанармай үнемдеуге мүмкіндік беретін қозғалтқышымен ерекшеленеді.

GAC GS3 кроссовері Hyundai Creta-ға балама/Фото: ашық дереккөзден

Салонында 10 дюймдік экран, цифрлық аспаптар панелі, жарықтандыру және автоматты тежелу, жолақты бақылау жүйелері бар.

Көлік Hyundai Creta секілді сенімді, бірақ стильді және технологиялық кроссовер іздегендерге лайықты.

Бағасы: 10 900 000 теңгеден басталады;

Қозғалтқышы: 1.5 турбо (177 а.к.);

Беріліс қорабы: 7 сатылы робот;

Жетек: алдыңғы.

2025 жылдың ақпанында Қазақстан нарығына бірден бірнеше жаңа кроссовер шықты. Егер сізге шағын қалалық автокөлік қажет болса, Skoda Kamiq немесе GAC GS3 жақсы таңдау болады. Жоғары технологиялы электр көлігін іздегендерге Zeekr 7X қолайлы. Ал кең отбасылық кроссовер керек болса, Kaiyi X7 мен Jaecoo J8 лайықты. Таңдау бюджетпен мен талғамға байланысты. Қазақстандағы кроссоверлер нарығы үнемі жаңарып, түрленіп отыратыны да анық.