Португалиялық футболшы Криштиану Роналдуның ұлы Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубының 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер командасы сапында бір ойында 10 гол соқты.
Бұл ойын жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бір матчта осыншама гол соғу – үлкен талант пен шеберліктің көрсеткіші. Көпшілік Криштиану Роналдуның ұлы әкесінің жолын қуып, болашақта әлемдік деңгейдегі футболшыға айналады деп болжап отыр.
🚨 Cristiano Jr scored 10 Goals for Al Nassr U15 against Al-Ittihad Today 🤯 pic.twitter.com/ii6BSUsJbg
— Own Goal. (fan) (@owngooal) February 4, 2025
Айта кетейік, Криштиану Роналду 2023 жылдың қаңтар айынан бері «Аль-Наср» сапында өнер көрсетіп келеді. Оның клубпен жасаған келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жарамды.
Қазіргі маусымда португалиялық шабуылшы барлық жарыстарда 25 матч өткізіп, 23 гол және 4 нәтижелі пас берді. Ол – бес дүркін «Алтын доп» иегері және футбол тарихындағы ең үздік ойыншылардың бірі.