![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/daniel-rosenblum-deniel-rozenblyum-1024x576.png)
АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Дэниел Розенблюм елімізде қызмет атқарған жылдары барлық өңірді аралап, Қазақстанның туристік әлеуетін терең зерттеген. Ол бұл туралы «Born Bold. Travel Boldcast» атты подкастында айтып берді.
Батыс Қазақстандағы ерекше саяхат
Дипломат өзінің Батыс Қазақстанға сапарында алған әсерлерімен бөлісті. Оның айтуынша, Орал қаласы маңындағы алма бағы мен жүзім алқабы өзін ерекше таңғалдырған.
«Оралға барған сапарымда алма бағы мен жүзім өсіретін шаруашылықты араладым. Оны ғылыммен айналысатын ерлі-зайыптылар басқарады. Олар ерекше сорттарды зерттеп, өсірумен айналысады. Олардың басты мақсаты – биологиялық әртүрлілікті сақтау. Біз бақ ішінде жүріп, жемісті тура ағаштан үзіп жедік. Бұл сөзбен жеткізе алмайтын дәм. Дүкендегі жемістермен салыстыруға да келмейді. Мүмкін фермерлерден жаңа піскен өнім сатып алу сезімімен ұқсас шығар. Бірақ бұл ерекше жер мені таңғалдырды», – деді ол.
Елші ең сүйікті қазақ тағамын атады
Дэниел Розенблюм Қазақстанда қызмет еткен жылдары ұлттық асхананы да зерттеп, жаңа дәмдермен танысқан. Оның айтуынша, қазақтың асылған еті сүйікті тағамына айналған.
«Қазақтың аасылған еті – мен үшін шын мәнінде жаңалық болды. Америкаға оралғанда, бұл тағамды сағынатыным сөзсіз», – деді ол.
Қазақстанның туристік әлеуеті жоғары
Бұрынғы елші Қазақстанның тарихи және туристік орындарын көп зерттегенін, еліміздің саяхатшылар үшін әлеуеті зор екенін атап өтті.
«Қазақстан географиясын АҚШ-тың географиясынан да жақсы білемін», – деді дипломат.
Born Bold. Travel Boldcast – Қазақстан туризмін ағылшын тілінде насихаттайтын алғашқы подкаст.