Нұрлан Смағұлов АҚШ-тың венчурлық қорына миллиондаған доллар салмақ
Astana Group-тың негізін қалаған Нұрлан Смағұлов Automotive Ventures атты америкалық қорға 3,5 млн АҚШ долларын инвестиция салуды көздеп отыр. Бұл қор автокөлік технологиялары мен сандық инновация саласындағы стартаптарға маманданған.
Forbes.kz мәліметінше, қордың іргетасын кәсіпкер Стивом Гринфилд қалаған. АҚШ, Канада және өзге елдердегі болашағынан үміт күттіретін жобаларға қолдау көрсетеді.
Гринфилд ай сайын автокөлік технологиялары саласында 66 стартапқа дейін бағалайды. Ол Нұрлан Смағұловпен 2024 жылы АҚШ-та танысыпты. Содан кейін Astana Group ұйымдастырған автокөлік форумына келіп қатысқан.
«Стив қандай да бір стартапқа ақша салса, онда ол 99% жағдайда табысты болады деген сөз. Онымен ынтымақтастық орнату – біздің компаниямыз үшін үлкен жетістік», – дейді Нұрлан Смағұлов.
Қазақстандық бизнесмен 2020 жылы негізі қаланған MyVentures халықаралық венчурлық қор арқылы инвестиция салған. Аталған қор да FinTech, MedTech және өзге де инновациялық бағыттар саласында стартаптарға қолдау көрсетеді. Түрлі жобаларға 100 мың АҚШ долларынан 2 млн АҚШ долларына дейін инвестиция салған. Оның капиталы 20 млн АҚШ долларына жуықтайды.
Нұрлан Смағұлов 2024 жылы Қазақстанның рантье тізімінде бірінші орынды иемденді. Сонымен қатар, еліміздің ең ықпалды бизнесмендерінің рейтингінде 5-орында тұр. Оның байлығы 980 млн АҚШ доллары көлемінде бағаланады.
Automotive Ventures қоры 2020 жылы Атланта қаласында құрылған. Қоржынында 37 жоба бар. Бастапқы инвестициялардың орташа көлемі 250 АҚШ доллары болып отыр.
Айта кететін жайт, «Астана Моторстың» Қазақстанның ең ірі салық төлеушілер тізімінде 2-орынға шығып отыр.