Алмас Кішкенбаевтың сексуалдық әрекет бабы бойынша қамалмауының себебі айтылды
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/b5c08782-d096-43b7-a597-69e1106cd0b5-e1738345531948.jpeg)
Әнші Алмас Кішкенбаев сексуалдық әрекеттерге қатысты емес, жеңіл бұзақылық бабы бойынша жауапкершілікке тартылған. Оның себебін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Zakon.kz. порталына білдірген пікірінде айтып берген.
«Ол әкімшілік құқық бұзушылықтың «бұзақылық» бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Қазір біздің Қылмыстық кодексте 16 жасқа толмағандарға қатысты сексуалдық әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Ал жәбірленуші 17 жаста болған», – деді Динара Закиева.
Ол заң жобасын әзірлеу барысында балаларға қатысты жыныстық қысым көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілікті 18 жасқа дейін көтеру ұсынылғанын, алайда үкіметтің қарауы мен мәжілістегі талқылау барысында бұл жас 16-ға дейін төмендетілгенін айтты.
Сот әнші Алмас Кішкенбаевты кәмелетке толмаған жасөспірімге тиіскені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша 15 тәулікке қамаған.