Жаңалықтар

Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 40 мың теңге айыппұл салуды ұсынды

Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 40 мың теңге айыппұл салуды ұсынды/Фото: Ашық дереккөз

Белгілі әнші Нұрлан Өнербаев айыппұл түрі артып жатқанына наразылық білдіріп желіде жазба жариялады.

Өнер адамы жазбасында айыппұл көбейіп жатқанына наразылығын қазақ тілінің жағдайына деген қыжылмен жеткізген..

«Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар! Айыппұлдың бір түрін халық өзіміз ұсынайық. Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салынсын» дейді ол.

Қазақстандықтар айыппұл түрінің көптігіне жиі шағымданады. Жуырда көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынатыны туралы әңгіме көптің түсінбестігі мен наразылығын тудырған.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева қыздырылған көлік түтіндетіп айналада ешкімге кедергі келтірмесе, айыппұлдан қорқудың қажеті жоқ екенін айтқан. Айыппұл салынуы үшін шағым түсіп, ол дәлелденуге тиіс.