![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/1550554320.jpg)
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ақтау қаласы әкімінің экс-орынбасары болған Тимур Садвакасовқа іздеу жариялады. Ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталының қылмыскерлерді ісдестіру бөлімінде жарияланды.
Портал мәліметінше, Садвакасов 5 ақпаннан бері іздестіріліп жатыр.
![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/snimok-ekrana-2025-02-06-v-18.39.41-1024x144.png)
Садвакасовты не үшін іздеп жатыр
Ақпараттарда Садвакасовтың есімі СҚО-дағы заңсыз пайдалы қазбалар өндіру ісі бойынша төрт күдіктінің бірі ретінде аталады. Бұл істегі негізгі айыпталушылар — Обухов тау-байыту комбинатының тең төрағасы Виктор Долгалев пен оның ұлы Данил Долгалевке жер қойнауын өз бетінше пайдаланғаны және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін айып тағылған. Ал Тимур Садвакасов пен Санат Құрманбаев пара беруге итермелеу және алаяқтық баптары бойынша айыпталған.
Тимур Садвакасов 1983 жылы туған. «Әділет» жоғары құқық мектебін заңгер мамандығы бойынша, Көкшетау экономика және менеджмент институтының қаржы бакалавры мамандығын бітірген. Ол 2019 жылдың ақпанында Ақтау әкімінің орынбасары болып тағайындалған.
Бұған дейін, Алматының полиция департаменті журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жариялаған. Ол ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікке ілінген.