Lifestyle

Әнші Бағым Мұхитденованың күйеуі Әділжан Юсупов қайтыс болды

Әнші Бағым Мұхитденованың күйеуі қайтыс болды / фото: instagram: bagym_m

Қазақстандық музыкалық продюсер Әділжан Юсупов өмірден өтті. Ол белгілі әнші әрі продюсер Бағым Мұхитденованың күйеуі еді.

Қаралы хабарды Бағым Мұхитденованың әпкесі, танымал продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желіде жариялады.

Instagram-дағы Stories-те Алагөзова марқұмның суретін бөлісіп, көңіл білдірді:

«Бүгін біз Адикпен қоштастық. Сен жақсы адам, дос, жар, әке болдың. Біз сені жақсы көреміз. Жүрегіміз соққанша есімізде боласың,» – деп жазды Алагөзова.