Lifestyle

Қазақстандық арнайы жасақ әлем бойынша үздіктердің бірі атанды

Қазақстандық «Сұңқар» спецназы әлемде үздіктердің бірі атанды / фото: uaeswatchallenge

Дубайда өткен халықаралық SWAT Challenge жарысында қазақстандық арнайы жасақ командалары жоғары нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Әлемнің 80 елінен 100-ден астам үздік арнайы жасақ командалары қатысқан бұл жарыста әскерилер бес күн бойы қиын сынақтардан өтті. Қатысушылар тактикалық, шабуылдау және құтқару операцияларын орындап, тұтқындарды босату және кедергілер жолағынан өту сияқты тапсырмаларды орындады.

Қазақстандық «Сұңқар» арнайы жасағы жарыс барысында мықты нәтиже көрсетіп, команданы барлық кезеңдерде сенімді бастап отырды. Жарыстың қорытындысы бойынша, ҚР ІІМ арнайы жасағы жалпы есепте екінші орын алып күміс жүлдеге ие болды. Бірінші орынды Қытай құрамасына алса, үшінші орынға да қытайлық арнайы жасақ құрамасы жайғасты. Сонымен қатар, үздік ондыққа Қазақстанның өзге де күш құрылымдарының командалары енді. Атап айтқанда:

  •  «Арыстан» (КНБ)
  •  «SSN Aktau» (КНБ)
  •  «Сардар» (СГО)
  •  Ұлттық ұланның арнайы жасағы

Жарыстың алғашқы және үшінші кезеңдерінде «Сұңқар» бірінші орынға шығып, нәтижесінде екі алтын және бір күміс жүлдеге ие болды.

«Томирис» – алғашқы әйелдер арнайы жасағы

Биылғы жарыстың тарихи ерекшелігі – ҚР ІІМ-нің әйелдерден құралған «Томирис» арнайы жасағы алғаш рет қатысты. Команда құрамында: 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан конькимен жүгіру спортының әлемдік рекордшысы, спорт шеберлері.

фото: uaeswatchallenge

Қазақтың қайсар қыздары барлық сынақтардан өтіп, ерлерден кем түспейтін дайындықтарын көрсетті. Нәтижесінде, әйелдер арасындағы сайыста «Томирис» құрамасы екінші орынға ие болды.