Банк пен қаржы

Үкімет ауылға шағын несие беру қағидасын әзірлейді

Экономика министрлігі ауылға шағын несие беру қағидасын әзірлейді / Фото: shutterstock

Ұлттық экономика министрлігі ауылдарда шағын несие беру қағидалары әзірленетінін хабарлады. Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжат Ұлттық экономика министрлігіне ауылдық елдімекендер мен шағын қалаларда шағын несие беру және лизинг қағидаларын әзірлеп, бекіту функциясын беруді көздейді.

«Жобаны қабылдаудан мемлекет бюджетінен қосымша шығын шықпайды», – деп жазылған құжатта.

Бұған қоса министрлік агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға несие беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

Қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық экономика министрлігінің қаулы жобасына қатысты ұсыныс-пікіріңізді «Ашық НҚА» порталында қалдыра аласыз.