Салық реформасының саудагерлерге, дүкен мен кафелерге қатысы жоқ – вице-премьер
![Алматыда жаңғыру жұмыстары жүргізілмеген базар иелері жауапкершілікке тартылады](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/123-123123-2-1024x576.png)
Үкіметтің қосылған құн салығы реформасының саудагерлерге, дүкендерге, мейрамхана бизнесі мен сұлулық салондарына қатысы жоқ. Вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бүгін Астанадағы брифингте осылай деп мәлімдеді.
«Халыққа қызмет көрсететіндер: саудагерлер, үйлерде орналасқан дүкендер, дүңгіршектер, базардағы сауда нүктелері, мейрамханалар және тағысын тағыларға біз қолға алған реформаның ешқандай қатысы жоқ.
Олар бір жылдық жалпы табысының 2,4 млрд теңге көлеміндегі шегімен жұмыс істеп, 4 пайыз қосылған құн салығын төлеп келді. Сонша мөлшерде төлей береді. Олардың тіршілігінде ешқандай өзгеріс болмайды», – деп мәлімдеді Жұманғарин бейсенбі күні парламент ғимаратындағы журналистерге.
Вице-премьердің айтуынша, «реформа бизнестің ұсақталып кеткен азғантай бөлігін ғана қамтиды».
«Халыққа қызмет көрсетіп, отбасын асырап, базарда сауда жасайтындар үшін осы реформаның ешқандай әсері болмайды», – деп сендірді шенеунік.
Естеріңізге сала кетейік, биыл қаңтар айының аяғында Үкімет қосылған құн салығы мөлшерін 16-20 пайыз деңгейінде белгілеп, ҚҚС бойынша есепке тұру шегін 78 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін түсіруді, есесіне жұмыс берушілер үшін міндетті зейнетақы төлемінің әлеуметтік салығын алып тастауды ұсынған.
Бұған дейін Kursiv.Media қосылған құн салығы мөлшері азық-түлік бағасына қаншалықты әсер ететіні туралы жазған.