![](https://cdn-kz.kursiv.media/wp-content/uploads/2025/02/gold-bars-zoloty-eslitki-1024x576.png)
2024 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктерге және айырбастау пункттеріне жалпы 1,7 тонна 47 395 өлшемелі құйма сатты.
Құймалар ең көп сатылған аймақтар – Алматы (32 735 дана, 69%), Шымкент (5 200 дана, 11%) және Қарағанды (2 209 дана, 5%).
Қазақстандықтар реттеушінің өлшемелі құймаларын Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкінен және айырбастау пункттерінен сатып ала алады.
«Осылайша, 2024 жылы екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктері кері сатып алуды ескергенде, халыққа жалпы салмағы 2,5 тонна 71 106 құйма сатты. Бағдарлама іске қосылғалы жалпы салмағы 7,9 тонна болатын 222 680 алтын құйма сатылды», – деп жазылған Ұлттық Банк хабарламасында
Сұранысқа ие құймалар
Банк мамандарының талдауынша, салмағы 10 келіге дейінгі құймалар сұранысқа ие. Былтыр жалпы 54 875 дана құйма сатылған. Сондай-ақ 49 145 дана 5 грамдық құйма, 47 943 дана 100 грамдық құйма, 40 843 дана 20 грамдық құйма сатылды.
«Алтын құймалар сенімді инвестиция құралы бола алады. Алтын құймалар нарығындағы өтімділіктің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке ақшаны сол күні төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алады», – дейді Ұлттық Банк мамандары.
Әрбір құйма қорғау элементтерімен қапталған, сол арқылы оның бұрын ашылған-ашылмағанын тексеруге болады.
Биыл да Ұлттық Банк алтын қорын сатуды жалғастырады. Жылдың басында Тимур Сүлейменов елдегі теңге бағамын реттеу үшін алтын-валюта қорындағы алтын сатуын жалғастырамыз деп мәлімдеген еді.