Үкімет Алматы тау кластері туризмін дамытудың 2025 – 2029 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын ұсынды. Жобаны Туризм және спорт министрлігі әзірлеген.
Қанша ақша жаратады
Жоспардың жалпы құны 655 млрд теңгені құрайды. Оның 322 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 121 млрды жергілікті бюджеттен бөлініп, 212 млрд теңгесін жеке инвесторлардың қаржысы құрайды.
Қандай нәтиже күтеді
1. Шетелдік туристер санының 630 мыңнан 1,8 млн адамға дейін артуы.
2. Туризм саласында жұмыс істейтіндер санының 80,9 мыңнан 106 мың адамға дейін артуы.
3. Жеке инвестициялар көлемі 196,3 млрд теңге.
4. Салықтық түсімдердің 90,7 млрд теңгеден 184,3 млрд теңгеге дейін артуы.
Не істегелі жатыр
– «Нұрсұлтан шыңы». Ұзындығы 2,46 км аспалы аспалы жолдың, сырғанауға арналған трассалардың құрылысы – 5 км;
– 1-Фаза «Сухой лог». 1 аралық станцияның құрылысы, ұзындығы 1,6 км аспалы жолдың құрылысы (6 орынды кабиналары бар 1 гондолды немесе 1 телемикс), сырғанауға арналған 6 км трассалардың құрылысы;
– 2- Фаза «Кімасар». 2 базалық станция мен 3 аралық станцияның құрылысы, ұзындығы 5,4 км аспалы жолдың құрылысы (6 орынды кабиналары бар 2 гондолды немесе 1 телемикс, 1 кресельді, 2 конвейерлік және 1 көлбеу көтергіш), сырғанауға арналған 15 км трассалардың құрылысы;
– 3 -Фаза «Пионер-Оi Qaragay». Ұзындығы 1,6 км аспалы жолдың құрылысы (6 орынды кабиналары бар 2 гондолды немесе 2 телемикс, 2 кресельді және 2 конвейерлік көтергіш), сырғанауға арналған 8 км трассалардың құрылысы;
– 4-Фаза «Бұтақты-Пионер». 3 базалық станция мен 4 аралық станцияның құрылысы, ұзындығы 4,05 км аспалы жолдың құрылысы (6 орынды кабиналары бар 2 гондолды немесе 2 телемикс, 1 кресельді және 2 конвейерлік көтергіш), сырғанауға арналған 12 км трассалардың құрылысы;
– 5-Фаза «Бұтақты». 2 базалық станция мен 2 аралық станцияның құрылысы, ұзындығы 2,64 км аспалы жолдың құрылысы (6 орынды кабиналары бар 2 гондолды немесе 2 телемикс, 1 кресельді және 2 конвейерлік көтергіш), сырғанауға арналған 8 км трассалардың құрылысы;
– 1-Фаза «Нұрсұлтан шыңы». Коммерциялық инфрақұрылым (қоғамдық тамақтану орындары) салу;
– 1 -Фаза «Сухой лог». Коммерциялық инфрақұрылым (қоғамдық тамақтану орындары) салу;
– 2-Фаза «Кімасар». Коммерциялық инфрақұрылым (қоғамдық тамақтану орындары, жалға алу пункттері, оқыту мектебі, орналастыру орындары) салу;
– 4-Фаза «Бұтақты-Пионер». Коммерциялық инфрақұрылым (қоғамдық тамақтану орындары, жалға алу пункттері, оқыту мектебі, орналастыру орындары) салу;
– 5-Фаза «Бұтақты». Коммерциялық инфрақұрылым (қоғамдық тамақтану орындары, жалға алу пункттері, оқыту мектебі, орналастыру орындары) салу;
– Медеу-Шымбұлақ таулы ауылының құрылысы.
Одан бөлек
Қонақ үйлер, мейрамханалар, визит орталықтар, кемпинг аймақтар, глэмпинг орталықтар, курорттар, жаяу жүргіншілер орындары, баспалдақтар салу жоспарланған.
Бұған дейін Туризм индустриясы комитеті Қазақстанға Қытайдан келетін туристер саны бір жылда 78%-ға артқанын мәлімдеген. Комитет дерегінше, былтыр көрші елден 655 мың турист келген.