Жаңалықтар

«Имамның төрт әйелі, зәулім үй бар» деп видео шығарған адамға қомақты айыппұл салынды

Видеода «имамның төрт әйелі, зәулім үй бар» деген адамға қомақты айыппұл салынды/Фото: 2 гис, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әлеуметтік желіде Астананың бас имамы туралы шындыққан жанаспайтын ақпарат таратқан азаматқа 700 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салды.

Соттың анықтағаны

Сот отырысы барысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, үйдің кімге тиесілі екенін, оның қандай қаражатқа салынғанын білмейтінін айтқан.

Жәбірленуші айыпкер абыройы мен қадір-қасиетіне және беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқандықтан, оны жазалауды сұраған.

Жаза

Сот айыпкерді ӘҚБтК 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған 180 АЕК (707 760 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу тіралы үкім шығарды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Астаналық азамат бұған дейін әлеуметтік желілерге зәулім үй көрсетілген бейнеролик жариялап, ол қаланың бас имамы Ерболат Жүсіповке тиесілі екенін, оны қайырымдылыққа берген қаражаттарына салғанын айтқан. Сондай-ақ имамның төрт әйелі бар деген әңгіме таратқан.

Кейін зәулім үйде қаланың бас имамы емес, Зекет қорының бұрынғы басшысы тұратыны анықталып, видео таратқан адам әрекеті үшін кешірім сұраған.