iPhone SE 4 сатылымға қашан шығатыны белгілі болды

Жарияланды 7 Ақпан 2025 14:55

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
iPhone SE 4 сатылымға қашан шығатыны белгілі болды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Apple көптен күткен iPhone SE 4 моделін 11 ақпанда таныстырады. Алайда, Bloomberg мәліметінше, құрылғының нақты сатылымға шығуы ақпан айының соңына дейін кешіктірілуі мүмкін. Жаңа модельге арналған арнайы презентация өтпейді, Apple оны өз сайтында ғана ресми түрде таныстырады деп күтіліп отыр.

Классикалық дизайнмен қоштасу

Жаңа iPhоne SE 4 (кодтық атауы V59) – SE сериясының дәстүрлі дизайнынан бас тартқан алғашқы моделі болмақ. Touch ID батырмасы жойылып, оның орнына Face ID енгізіледі. Сонымен қатар iPhone SE 4 бұрынғы қалың жақтаулардан толық арылған экранға ие болады. Мұндай дизайн алғаш рет iPhone X моделінде 2017 жылы қолданылған еді.

Apple жаңа SE моделінің дизайнын iPhone 14 ұқсатып жасамақ. Дегенмен құрылғы тек сыртқы келбетімен ғана емес, қуатты A18 процессорымен (iPhone 16 және 16 Plus үлгілерінде де қолданылады) ерекшеленеді.

Жаңа 5G модем мен басқа жаңартулар

iPhone SE 4 моделіндегі басты жаңашылдықтардың бірі – Apple-дің жеке 5G модемі. Бұған дейін компания Qualcomm Snapdragon модемдерін пайдаланса, енді өз технологиясына көшпек. Егер бұл модем сәтті тестілеуден өтсе, ол 2025 жылы шығатын iPhone 17 модельдеріне де орнатылады.

Сондай-ақ оқыңыз