Жеке медициналық кітапша енді онлайнға өтті

Жарияланды
Бұл медициналық тексеруден өту уақытын қысқартады/Фото: Ахтам Зиперов

Жеке медициналық кітапша 2025  жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды форматқа енгізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұл не үшін керек?

Азаматтар egov mobile мобильді қосымшасындағы E-Densaulyk сервисі арқылы өзінің санитарлық кітапшасының мәліметтері мен медициналық тексерулердің нәтижелерін ала алады. Бұл медициналық тексеруден өту уақытын қысқартады. Терапевтке қайта барып жүрмейді. Санитарлық кітапша әзір болған кезде азаматтар 1414 нөмірінен СМС хабарлама алады.

Жұмыс берушілерге несімен тиімді?

Жұмыс берушілер қызметкерлерінің жеке медициналық кітапшасының өзектілігін тексеру жеңілдетеді. Бұл үшін hr.enbek.kz атты тегін еңбек ресурстары порталына кіру жеткілікті. Олар санитарлық нормалардың сақталуын оңайлатып, қателіктерді болдырмайды.

Кімде жеке медициналық кітапша болуы тиіс?

Бұл электронды жүйе жұмысшылардың 15 санатын қамтып отыр. Атап айтқанда, олар – тамақтану орындары, дәріхана, санаторий, қызмет көрсету және медицина саласының қызметкерлері. Бұл санаттағы қызметкерлер жылы бір мәрте немесе алты айда бір рет тұрақты түрде медициналық тексеруден өтуге міндетті.

Қанша анықтама электронды форматқа өтті?

Жеке медициналық кітапша электронды форматқа көшкеннен кейін, азаматтар, жұмыс берушілер үшін де тексеруді алу үдерісі оңайлады.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін жеке медициналық кітапша мен еңбекше жарамсыздық парағын қоса алғанда, медициналық анықтамалардың 8 түрі қағаз тасығыштардан электронды форматқа өтетіні туралы хабарланған еді.

2024 жылы наурыз айында Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың жеке медициналық кітапшасы онлайн форматқа көшетінін, оның уақытты үнемдеп қана қоймай, жұмысқа жіберу туралы мөртаңба алу үшін терапевтке қайта барудың қажеттігін болмайтынын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз