Банк пен қаржы

Доллар бір күнде төрт теңгеге арзандап кетті

Бір доллар бағамы 510 теңгеге дейін арзандады / Фото: shutterstock

7 ақпанда доллар бағамы 4 теңгеге дейін арзандады. Қазақстан қор биржасындағы кешкі сауда нәтижесі бойынша америкалық валюта 510 теңгеден саудаланды

Айырбастау пункттерінде доллар 512-514 теңгеден саудаланып жатыр. Бұған дейін қаңтарда доллар бағамы 517-515 төңірегінде сатылған еді.

Осы жыл басында Ұлттық Банк теңге бағамын реттеуге қатысты жаңа жоспарын хабарлаған. Енді реттеуші елдегі алтынды теңгеге сатып алып, оны сыртқы нарыққа сатады. Сол саудадан түскен долларды қайта ішкі нарыққа әкелмек. 

Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың түсуіндіруінше. осы саясат арқылы елдегі инфляциялық қысымды төмендетіп, ұлттық валюта курсын тұрақтандырады.