Жыл басында Tesla-ның Еуропадағы саудасы күрт төмендеп кетті

Жарияланды 7 Ақпан 2025 18:43

Ақсәуле Әбітай

Ақсәуле Әбітай

Tesla-ның Еуропадағы саудасы азайды / Фото: shutterstock

Францияның La Plateforme Automobile салалық қауымдастығының мәліметі бойынша, жыл басында елде небәрі 1 141 Tesla автокөлігін тіркелген. Бұл 2022 жылдың тамызынан бергі ең төменгі көрсеткіш.

Елдегі электромобильдер нарығы 0,5%-ға, ал жалпы автокөлік нарығы 6,2%-ға төмендеді. Мұндай жағдай Еуропаның басқа елдерінде де байқалды. Мәселен, былтыр Германияда сатылған Tesla саны 40%-ға азайған. Ал аккумулятормен жүретін электромобильдердің жалпы сатылымы 27%-ға төмендеген.

Шетелдік ұйымдардың жазуынша, қазір Tesla мен Еуроодақ импорттық баж салығы бойынша соттасып жатыр. Уолл-стрит те биыл электрокарлар сатылымы баяу болады деп болжайды.

Бірақ бұл компанияға жаңа модельдерін шығаруға кедергі емес. Осы жылдың басында жаңартылған Model Y кроссоверін таныстырған еді. 2025 жылдың наурызынан бастап бұл модель Қытай, Аустралия мен Азия-Тынық мұхиты аймағына жеткізіле бастайды

Сондай-ақ оқыңыз