Жолақысын төлемеген оқушыға еден жуғызған жүргізушіге қатысты министрлік пікір білдірді

Жарияланды
Автобуста әйел адамды ұрған азамат қамауға алынды
Автобус жүргізушісі жолақысын төлемеген оқушыға еден жуғызған / Фото: shutterstock

Ақтөбеде жолақысын төлемеген оқушыға жүргізуші көліктің еденін жуғызған. Сол үшін Оқу ағарту министрлігі Бас Прокуратураның осы іске араласуын сұрап отыр.

Не оқиға болды?

Бұл оқиға қаңтардың соңында болған. 10 жастағы оқушы автобуспен қайтып келе жатқанда картасында ақшасы болмай, жол ақысын төлей алмай қалады. 19-автобус жүргізушісі оны түсіріп кетудің орнына басқа әдіс ойлап табады.

Соңғы аялдамаға келгенде салонның жартысын жуып, ал қалған жартысын оқушыға жуғызады.Қайтар жолда 10 жастағы баланы өз аялдамасынан түсіріп кетеді.

Министрлік қандай пікір білдірді?

Ата-анасы осыдан кейін бірден полицияға жүгінген, бірақ олар еш шара қолданбаған. Бүгін бұл іске қатысты министрліктегі Балалардың құқығын қорғау комитеті пікір білдірді.

«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитеті Ақтөбеде орын алған оқиғаны қатаң айыптайды. Онда автобус жүргізушісі оқушыны жол ақысының орнына еден жууға мәжбүрлеген. Мұндай өрескел құқық бұзушылықтар жол беруге болмайтын әрекет болып табылады, заңнамаға қайшы келеді және кәмелетке толмаған баланың құқықтарын өрескел бұзады», – деп жазылған мәлімдемеде.

Ведомство атап өткендей, 2024 жылы қабылданған әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігі туралы заңға сәйкес, 16 жасқа толмаған балаларды қоғамдық көліктен түсіруге қатаң тыйым салынады. Жүргізушінің әрекеті іс жүзінде баланы заңсыз түсіруге теңестіріледі, оның ар-намысына нұқсан келтіреді және кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

«Осыған байланысты Комитет Бас прокуратураның араласуын талап етеді, оқиғаға құқықтық баға беруін, сондай-ақ дер кезінде шара қабылдамаған қала билігінің әрекетсіздігін тергеуді сұрайды. Біз кінәлілерге қатысты тиісті шаралар қабылдаудың маңызын атап өтеміз және қоғамдық көлікте балалардың құқықтарының сақталуына бақылауды күшейтуге шақырамыз», – деп мәлімдеді комитет.

Сондай-ақ оқыңыз