Жаңалықтар

Қаржы министрлігінің шетел агенттері туралы жаңа тізімді қашан жариялайтыны мәлім болды

Қаржы министрлігі шетел агенттері тізімін наурызда жаңартады / фото: shutterstock

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті шетелден ақша немесе мүлік алған азаматтардың кезекті тізімі қашан жаңартылатынын хабарлады.

Комитет мәліметінше, 2024 жылдың екінші жартысына арналған тізім биыл 20 наурызға дейін жарияланады.

Қаржы министрлігі алғаш рет осындай тізімді 2023 жылғы 19 қыркүйекте жариялады. Сол кезде бұл тізімге 239 жеке және заңды тұлғаның мәліметі кірді. Арасында журналистер, құқық құрғаушылар, Reuters секілді халықаралық ақпарат агенттіктері де болды.

Кейбірі қаржы министрлігінің азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) де жариялағанын сынады.

Содан бері министрлік осы тізімді алты ай сайын жаңартып келеді.

Қазақстан билігі 2022 жылы Салық кодексін өзгерткен уақытта құжатқа шетелден ақша немесе мүлік алаған тұлғалардың тізімін жариялауды қарастыратын өзгеріс енгізген. Министрлік оны «азаматтардың мемлекетке де, үкіметтік емес ұйымдарға да сенімін арттыруға бағытталған» деп сипаттайды.