Жаңалықтар

Қырғызстан әнұранын жаңартады. Жаңа гимн авторына қанша қаламақы төленеді?

В Кыргызстане хотят поменять гимн
Жаңа гимн авторына дипломдар мен ақшалай сыйлық беру көзделген / Фото: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Қырғызстан билігі мемлекеттік гимнін өзгертпекші. Әнұранның сөзі де музыкасы да толықтай жаңартылады. Бұл үшін республикалық конкурс жарияланды.

Қырғызстанның Мәдениет министрлігі мемлекеттік әнұрандарының жаңартылған мәтіні мен музыкасын жасау бойынша республикалық конкурстың басталғаны туралы хабарлады.

«Мақсат-халықтың тарихи мұрасын, мәдениеті мен бірлігін бейнелейтін туынды жасау. Композиторлар, ақындар, музыканттар мен шығармашылық ұжымдар шақырылады», – деді Мәдениет министрлігі басшысының орынбасары Тимурлан Ажымалиев.

Министріктің мәдімдеуінше жаңа гимн авторына дипломдар мен ақшалай сыйлық беру көзделген. Бірінші орын үшін 1,5 млн сом (8,7 млн теңге), екінші орын үшін — 1 млн сом (5,8 млн теңге), үшінші орын үшін — 500 мың сом (2,9 млн теңге) уәде етіліп отыр.

Айта кетейік, әнұранды өзгерті туралы бастаманы Нұрланбек Шәкиев көтерген. Оның бұл пікірін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров та қолдаған еді.

Қазақстанда әнұран 2006 жылы өзгерген еді. Сол кездегі ел президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Кеңес одағы кезінде Шәмші Қалдаяқов әнін, Жұмекен Нәжімеденов сөзін жазған «Менің Қазақстан» әні мемлекеттік гимнге айналған. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі әннің мәтінін өзгертіп, автор ретінде қосылған.