Lifestyle

Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы алғашқы медалін иеленді

Шорт-трекшілер күміс медаль алды Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында алғашқы медалін жеңіп алды. Ұлттық олимпиада комитеті шорт-трекшілер күміс жүлдені қанжығаға байлады деп хабарлайды.

«Қазақстандық спортшыла аралас эстафетада күміс медаль жеңіп алды. Шешуші жарыста еліміздің намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Малика Ермек қорғады», – делінген хабарламада.

Бұл сайыста Оңтүстік Корея құрамасы жеңімпаз атанса, Жапония үздік үштікті түйіндеген.

Сонымен қатар конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды.

Евгений Кошкин
Евгений Кошкин да күміс жүлде алды / Фото: ҰОК

Спортшы 100 метр қашықтықта екінші нәтиже көрсеткен. Ол тек қытайлық Гао Тиньююға жол берді. Үздік үштікті Оңтүстік кореялық Джун Хо Ким түйіндеді.