Жаңалықтар

Қарлы боран мен тұман: Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

13 облыста адуылы ескерту жарияланды Фото: shutterstock

«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жариялады. Мамандардың болжамынша, бұл облыстарда қар, боран, тұман және қатты жел күтіп тұр.

Қарлы боран күтіп тұр

Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстік, шығыс және орталық аудандарында қар жауып, боран соғады. Жел жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Тұман және көктайғақ

Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Тараз, Қостанай, Қызылорда, Петропавл және Павлодар қалаларында да тұман болуы ықтимал.

Жетісу, Батыс Қазақстан, Ұлытау облыстары Алакөл көлдерінің маңында және Батыс Қазақстанның батыс, оңтүстік аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ұлытау облысының солтүстігінде түнде және таңертең жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе мен Қызылорда облысында жол жабылған.